13.06.2017, 14:45 3127

Қызылорданыӊ "Қайсары" республикалық сайыстан озық шықты

Балалар денсаулығын нығайту және жас ұрпақ бойында спортпен тұрақты шұғылдануды қалыптастыруды мақсат еткен ойынныӊ іріктеуі аясында облыста наурыз-сәуір аралығында 9 команда бақтарын сынаған болатын. Аталған шараныӊ облыстық финалында Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдіӊ "Қайсар" командасы республикалық кезеӊге жолдама алған еді.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Жыл сайын балалар арасында дәстүрлі түрде түрде өтетін "Мен - чемпионмын!" атты республикалық телевизиялық ойынныӊ финалы 5-8 маусым аралығында Петропавл қаласында өтті.

Балалар денсаулығын нығайту және жас ұрпақ бойында спортпен тұрақты шұғылдануды қалыптастыруды мақсат еткен ойынныӊ іріктеуі аясында облыста наурыз-сәуір аралығында 9 команда бақтарын сынаған болатын. Аталған шараныӊ облыстық финалында Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдіӊ "Қайсар" командасы республикалық кезеӊге жолдама алған еді.

Республикалық сайысқа осалдар келмейтіні белгілі. Қызылорданыӊ "Қайсары" осы мықтылар ішінен іріктеліп, чемпион атанды.

Облыстық білім басқармасы, мектеп ұжымы мен ата-аналар чемпиондарды теміржол вокзалынан күтіп алып, облыс даӊқын асқақтатқан шәкірттерге құрмет көрсетті. Облыс құрамасыныӊ озық шығуына аймақтық дене тәрбиесі орталығыныӊ бөлім басшысы Бағлан Танманбет, №23 мектеп-лицейініӊ денешынықтыру пәні мұғалімдері Ердеш Алматов, Гүлмира Меӊдібаевалар үлкен еӊбек сіӊірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны