18.06.2010, 15:07 3078

Қызылорданың жаңа әкімі тағайындалды

М. Жайымбетов 1965 жылы туған. Қызылорданың политехникумын, Волгоградтың ауылшаруашылық институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, "экономист" мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Қызылорда. 18-маусым. Kazakhstan Today Қала мәслихатының депутаттарының келісімімен Қызылорданың жаңа әкімі болып Мархабат Жайымбетов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі қалаәкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

М. Жайымбетов 1965 жылы туған. Қызылорданың политехникумын, Волгоградтың ауылшаруашылық институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, "экономист" мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жылдарын Қызылорданың жөндеу-механика зауытында электрик болып бастаған. Көптеген жылдарда әртүрлі мекемелерде басшылық лауазымын атқарған.

2005 жылдан 2008 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

М. Жайымбетов 2008 жылдың мамырынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны