08.01.2008, 12:18 1583

Қызылорданың жылу желісіндегі суға зиянды химиялық заттар қосылады -әкімдік

Қызылорданың жылу желісіндегі суға зиянды химиялық заттар қосылады -әкімдік

Қызылорда. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жылдан бастап Қызылорданың жылу желісіндегі суға адамның денсаулығына зиянды химиялық заттар қосылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, суық түскенде тұрғындар жылу желісіндегі ыстық суды түрлі шаруашылық мұқтаждықтары үшін пайдаланылып, соңынды айналымдағы су көлемі күрт азаюда.

"Бір сағатта айналымдағы 3300 тонна судың орнына 2700 тонна су қалады",-деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. "Егер бұл жағдай одан әрі жалғасатын болса, онда жылу орталығы өзінің жұмысын тоқтататын болады. Ал жылу мәселесі тұрғындардың үшін аса маңызды", - деп айтылған баспасөз хатында.

Осыған орай, қаланың билік өкілдері көп қабатты тұрғын-үйлердің иелерін жылусыз қалу қаупінің барын ескертіп, "дұрыс шешім жасауға" шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны