25.02.2015, 17:08 4726

Қызылшаға қарсы екпеніӊ қауіпсіздігі күмән тудырмайды - ДДҰ

2009 жыды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) Вакциналардыӊ қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық консультативтік комитеті қызылшаға қарсы екпеніӊ қауіпсіздігін растады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - 2009 жыды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) Вакциналардыӊ қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық консультативтік комитеті қызылшаға қарсы екпеніӊ қауіпсіздігін растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ДДҰ-ныӊ мәліметінше, қызылшаға қарсы екпе ондаған жылдар бойына бүкіл әлемде табысты қолданылуда және қауіпсіздік тұрғысынан өте жақсы сипатқа ие. 2000 жылдан бастап бүгінгі дейін бұл екпені пайдалану әлемде 15 млн.-дай адамныӊ өмірін сақтауға мүмкіндік берді.

Қазақстанда иммундау шарасы үшін Үндістанныӊ State Serum Institute компаниясынан сатып алынған қызылшаға қарсы моновалентті тірі екпе қауіпсіз және тиімді болып табылады. Ол ғаламдық ауқымда пайдалану арқылы расталды. Соӊғы жылдар ішінде бұл екпе Ұлыбритания, Швейцария және Голландия сияқты әлемніӊ 45 елінде қолданылды.

ДДҰ мәліметінше, бас айналу, талып қалу, бас ауыру сияқты тіркелген уақытша ауру белгілері иммундауға қатысты алаӊдаушылық реакциясы болып табылады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі және оныӊ вакцинаға қатысы болмайды.

"Маӊғыстау облысындағы зерттеу жұмыстары аяқталғанша иммундаудан кейін орын алған оқиғалардыӊ себептері жөнінде ешқандай болжам айтуға болмайды. Қазақстан үкіметі қызылшаға қарсы екпе жүргізуді уақытша тоқтату туралы жауапты шешім қабылдады. Шара 2 наурызда жалғасын табады деп ойлаймыз. Айта кететін жайт, Қазақстанда екпе жасалмаған немесе толық жасалмаған балалар мен жастар арасында қызылша ауруын жұқтыру тәуекелі әлі сақталып отыр. Аталған шараныӊ мақсаты - осы тәуекелді азайту",-деп мәлімдеді ДДҰ Қазақстандағы өкілдігініӊ жетекшісі, доктор Мелита Вуйнович.

Ағымдағы жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша, елімізде 15-19 жас аралығындағы 500 мыӊдай адамға екпе жасалды. Солардыӊ ішінде бүгінгі күнге дейін Қарағанды, Маӊғыстау, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында жалпы 120-ға жуық адам бас айналу, бас ауыру, аяқ-қолыныӊ ұйуы, дене қызуыныӊ көтерілуі сияқты шағымдармен дәрігерлерге хабарласқан. Көп жағдайда олардыӊ иммундау шарасына қатысы жоқ, жасөсіпірімдерге тән психиэмоционалдық тұрақсыздықты есепке алғанда жеке сезімталдықтыӊ көрінісі ретінде бағалануда.

"Осыған орай ДДҰ бастапқы бағалау нәтижелерімен келіседі, бұл оқиғалар вакцинаны пайдаланумен байланысты болмауы мүмкін. Вакцинаныӊ сапасы мен қауіпсіздігіне күмәндануға ешқандай себеп жоқ",-деп атап көрсетті доктор Вуйнович.

Шағымданғандар екпе жасалғандардыӊ жалпы саныныӊ 0,02% құрайды, ал ДДҰ мәліметінше, мұндай жағдайлар 15% дейін жетуі мүмкін және орынды.

Қалыптасқан жағдайды зерттеу үшін еліміздіӊ барлық өӊірлерінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ, Ұлттық экономика министрлігініӊ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі комитетініӊ, республикалық медициналық ұйымдардыӊ мамандарыныӊ қатысуымен жұмыс комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде. Жағдайды қосымша зерттеп, бағалау үшін ДДҰ мамандары тартылды.

Қазақстанда соӊғы рет қосымша иммундау шарасы 10 жыл бұрын (2005-2006 жж.) жүргізіліп, республикада қызылшамен сырқаттанушылықты күрт төмендетуге (16 мыӊ оқиғадан 13-ке дейін) мүмкіндік берді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны