20.10.2015, 14:21 3715

Қызылшаға қарсы вакцинациямен ҚР-да жасөспірімдердіӊ 92% астамы қамтылған - ДСИДМ

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствоныӊ мәліметінше, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясыныӊ аясында мақсатты топтыӊ жалпы саны 316 мыӊ 704 жасөспірімнен 15-19 жас аралығындағы 292 мыӊ 113 адам немесе 92,1% жасөспірім вакцинацияланды, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 11 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оныӊ ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 100%, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95%-дан астам адам қамтылды", - делінген хабарламада.

ДСИДМ-де атап өткендей, иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдыӊ 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны