14.05.2007, 18:50 3011

Қоғам өкілдері көне Шымкентті жандандыруды, көшелердің тарихи атауларын қалпына келтіруді және қаланың мерейтойын өткізуді ұсынуда

ШЫМКЕНТ. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. "Жаңа Шымкент. Жаңа ой" жобасына қатысушылар көне қаланы жандандыру, көшелердің тарихи атауларын қалпына келтіру және де қаланың мерейтойын өткізу қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шымкент пен Сайрам - Қазақстандағы мың жылдық ғұмыры бар бірден-бір ғана қалалар",- деді Қазақстан Республикасының архелогия институтының директоры Карл Байпақов жоба аясында өткен "дөңгелек үстел" барысында. Сондықтан да ол қаланың жасын шашамен атай отырып (шамамен 2200-2500 жыл) Шымкенттің мерейтойын өткізуге және де Шымкентті ЮНЕСКО тізіміне енгізуге өтініш беруді ұсынды. "Мерейтойға орай көптеген бағдарламалар жасап, инвестиция тартуға болады",- деді ол. Ғалым мысал ретінде Түркістанды атап өтті. "Мерейтойды өткізу және оған дайындық барысында қала қайта жанданды",- деді ол.

Режиссер Болат Атабаев көне қаланы сақтап қалу қажеттігі туралы мәселені көтерді. "Егер біз тарихты негіз етіп алатын болсақ, онда біз қаланы сақтаудың орнына неге бұзамыз",- деді ол. "Мен шеберлердің көшелері мен базарлары бар көне қаланы қайта жаңғыртуды ұсынамын",-деп өз ұсынысын айтты режиссер. Оның ұсынысын ғалым, археолог Бауыржан Байтанаев та қолдады. "Бізде құрылыстардан басқа да көшелердің ең алғашқы, тарихи аттары түріндегі мәдени мұрамыз бар. Оларды қайтару қажет, бірақ жергілікті билік өкілдері тарихшылармен ақылдаспайды",- деген кеңес берді ол. Оған Шымкенттің әкімі Анарбек Орман жауап ретінде қаланың қала салу кеңесіне тарихшыларды қосуға уәде берді.

"Дөңгелік үстел" жұмысының қорытындысы бойынша 48 тараудан тұратын қарар қабылданды. Қарарда қала салу жобасынан басқа, сондай-ақ Шымкент пен облыстың беделін арттыру мақсатында мұнда жыл сайын этнографиялық фильмдердің халықаралық кинофестивалін өткізу, Шымкент туралы деректі фильм түсіру және оны жетекші әлемдік арналарға жалға беруді ұйымдастыру, Оңтүстік Қазақстан облысындағы материалдардан лирикалық мелодрама жанрында көркем сериалдар құру туралы айтылған. Сондай-ақ "Гайд-парк" сияқты, айтысқа арналған амфитеатр салу, заманауи көркемөнер фестивалін өткізу ұсынылады.

"Жаңа Шымкент. Жаңа ой" жобасы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы әкімшіліктерінің ықпалдасуымен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - үкіметтік бағдарламалар әзірлеу және инфрақұрылымын жақсарту үшін және Оңтүстік Қазақстан облысын көркейту үшін, мәдениеті мен экономикасының, Шымкенттің әлеуметтік маңызы бар нысандарын дамыту үшін, сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштерінің бұдан былай да тарихқа қызмет етуі үшін және оларды өскелең ұрпаққа жалғастырып беру үшін үшін жасалатын науқан, делінген таратылған баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны