12.09.2006, 11:42 3691

Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана Қазақстан жетістіктерге қол жеткізді, деп пайымдайды президент

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. "130-дай ұлт пен 40 -тан астам конфессия өкілдері тұратын көп ұлтты Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында баянды бейбітшілік, келісім мен бір-бірін құрметтеу қарым-қатынасы бекем орнықты". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осының арқасында ғана біз Қазақстанға тән даму моделін жоспарлы түрде жасап, экономикамызды модернизациялауда ұлығаусар жетістіктерге қол жеткіздік",- деді мемлекет басшысы. "Ядролық қарудан өз бетімізбен бас тарту арқылы біз Қазақстанды бейбітшілік пен тұрақтылық аймағына айналдырдық, ал айналамыздағы барлық көршілерімізбен достық байланыстар орнату арқылы біз ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтағы көшбасшы елге айналдық",- деді Н.Назарбаев. "Осының бәрі жинақтала келе бізге бейбітшілік сүйгіш барша қауымның сеніміне ие болуға мүмкіндік беріп, бізге түрлі діндер мен халықтардың рухани шырақшылары - сіздерді шақырып, аса беделді форумды бастауға жол ашты",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны