09.07.2018, 19:41 3418

Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеӊестердегі мемлекеттік орган өкілдерін азайтуды ұсынды

Өзгерістер қоғамдық кеӊес мүшелерін қалыптастыру, ротациялау, өкілеттіктерін тоқтату механизмдері және кеӊес қызметін қаржылай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болады.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Қоғамдық кеӊестер жөніндегі заӊнаманы жетілдіру аясында қоғамдық кеӊестердегі мемлекеттік органдардыӊ қатысуын 10 пайызға дейін қысқарту ұсынылуда. Бұл туралы Қоғамдық даму вице-министрі Абзал Нүкенов Париж қаласында (Франция) өткенЭкономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесініӊ пленарлық отырысында хабарлады.

Вице-министр Абзал Нүкенов өз сөзінде қоғамдық кеӊестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Ол қоғамдық кеӊестер жөніндегі заӊ жобасы тұжырымдамасыныӊ жобасы әзірленіп, ҚР Иділет министрлігіне енгізілгенін атады. Өзгерістер қоғамдық кеӊес мүшелерін қалыптастыру, ротациялау, өкілеттіктерін тоқтату механизмдері және кеӊес қызметін қаржылай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болады. Сонымен қатар, қоғамдық кеӊестерге мемлекеттік органдардыӊ қатысуын 10 пайызға дейін қысқарту ұсынылуда.Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес мемлекеттік органдардыӊ қоғамдық кеӊестерге қатысуы мүшелерініӊ жалпы саныныӊ үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

ЭЫДҰ сарапшылары өз кезегінде, Қазақстанда қоғамдық кеӊестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шараларға оӊ баға берді.

Сарапшылардыӊ пікірінше, бұл өзгеріс қоғамдық кеӊестердіӊ мақсаты мен міндеттеріне қатысты қоғамныӊ оӊ пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы сұхбат алаӊы ретінде қоғамныӊ сенімін арттырады.

ЭЫДҚ отырысыныӊ негізгі мақсаты - сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Стамбулдық іс-қимыл жоспарын талдаудыӊ 4-ші кезеӊі аясында Армения, Қырғызстан және Украинаныӊ талдау есебін, сонымен қоса Изірбайжан, Қазақстан, Грузия, Монғолия, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан бойынша аралық есептерді талқылау және бекіту.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны