06.10.2006, 15:54 3348

Қоғамдық палата 2007-жылғы бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды көбейтуді ұсынады

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті мәжілісінің жанындағы қоғамдық сарапшылар палатасы 2007-жылғы бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды көбейтуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Біз жобаны қайта қарап, әлеуметтік бағытты бюджеттің жобасын жасауға тиіспіз",- деді палата кеңесінің отырысында ҚР білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры, палатаның қаржылық-экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі секциясының жетекшісі Оразалы Сәбден .

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті мәжілісінің жанындағы қоғамдық сарапшылар палатасы 2007-жылғы бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды көбейтуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жобаны қайта қарап, әлеуметтік бағытты бюджеттің жобасын жасауға тиіспіз",- деді палата кеңесінің отырысында ҚР білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры, палатаның қаржылық-экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі секциясының жетекшісі Оразалы Сәбден . "Жобада әлеуметтік қамтамасыздық саласына, әлеуметтік көмекке және мемлекеттік жәрдемақыға жұмсалатын қаражат көлемі аса төмен деңгейде белгіленген",- деді ол.

Академиктің айтуынша, "заң жобасында өткен жылғымен салыстырғанда ең төменгі жалақы көлемі небәрі 552 теңгеге, ал ең төменгі зейнетақы көлемі бар-жоғы 536 теңгеге көбейтілген". Нәтижесінде, оның айтуынша, 2007-жылы ең төтенгі жалақы 9752 теңге, ең төменгі зейнетақы көлемі 7236 теңге болмақ.

"Халықаралық ұйымдардың мәліметіне сәйкес, Орталық Азия республикалары үшін кірісі күніне 4 долларға жетпейтін адам кедей деп есептеледі",- деді О.Сәбден. "Соған қарағанда Қазақстан үшін төменгі күнкөріс деңгейі жобада жоспарланғандай 8861 теңге емес, шамамен айына 15 мың теңге болуға тиіс",- дейді ол.

Сарапшылар барлық әлеуметтік төлемдерді 15 мың теңге көлеміндегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкестендіру керек деп санайды. "Ең төменгі зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 48 процентіне, ал ең төменгі жалақы - 64 процентіне тең болуға тиіс",- деді О.Сәбден.

Қоғамдық сарапшылар палатасы білім беру саласына жұмсалатын шығындарды да Жалпы ішкі өнімнің 4-5 процентіне дейін жеткізуді ұсынып отыр. "Жоғары білім беру саласын қаржыландыру тетіктерін түбегейлі қайта қарау керек. Мемлекеттік білім беру гранттарының санын 50 мыңға дейін арттыру қажет",- деді О.Сәбден.

Сонымен бірге сарапшылар ғылым мен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемін арттыруды талап етуде.

Экономист О.Сәбденнің пікірінше, әлеуметтік блокқа арналған шығындарды бюджет тапшылығының өсімі есебінен көбейтуге болады. "Бюджеттің жобасына сәйкес, тапшылық 1,1 процент деңгейінде болмақ. Ал 2006-жылғы бюджетте тапшылық 1,4 процент деңгейінде болған. Біздің пайымдауымызша, 2006-жылғы деңгейді сақтап қалу арқылы әлеуметтік саланы қолдау қажет",- деді сарапшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны