17.09.2007, 18:49 2909

Қоғамдық ұйымдар Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамына енуден мүдделі

Қоғамдық ұйымдар Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамына енуден мүдделі

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық ұйымдар Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамына енуден мүдделі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан журналистері одағы басқармаларының төрағасы Сейітқазы Матаев мәлімдеді. Баспасөз мәслихатына Дизайнерлер одағынгың президенті Тимур Сүлейменов, Кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко, Қазақстанның қала салушылары одағының вице-президенті Сайран Фазылов та қатысты.

"Біз үкіметтік комиссияның Алматыдағы құрылыс салу ахуалына обьективті баға бергенін қалаймыз және бізді де осы комиссияға қамтуын сұраймыз. Оған жұртшылық өкілдері де қатысуға тиіс", - деп мәлімдеді С. Матаев.

Еске сала кетейік, өткен аптада үкіметте мемлекет басшысының тапсырмасымен республика премьер-министрінің басқаруымен қаладағы құрылыс саласына тексеру жүргізетін үкіметтік комиссия құрылды. Елбасы комиссия құруды тапсыра отырып, премьерге хатында: "Менің тікелей нұсқауыма қарамастан, "Медеуде" зәулім тұрғын үйлер салу жалғасуда, Кіші Алматы шатқалында "Медеуге" дейін түгелдей құрылыстар салынған, Бутаковкада бәрін қоршап тастаған, өзенге адамдар өтетін жер де жоқ. Алматылықтардың наразылығында шек жоқ. Үлкен Алматыда заңды бұза отырып, жүздеген экологиялық нормадан тыс құралыстар салынған" , деп мәлім еткен. Президент " бассыздықты тоқтауға" пәрмен берді.

Комиссия құрамына қаржы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау министрлері, төтенше жағдайлар министрі, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, сондай-ақ бас прокурордың орынбасары кірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны