18.07.2018, 12:47 13564

KOKJAILAU CHALLANGE: бағдарламалық жасақтамашылар құрамалары таулы бүкіл маусымдық курорт экологиясына арналған smart-шешімдер ұсынды

Хакатонда Geek Parthners компаниясы ұсынған "Smart Kokjailau" экологиялық жобасы жеӊімпаз атанды, оныӊ авторлары туризм саласындағы инновацияларды зерделеп қайту үшін Сингапурға сапарға аттанады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - 17 шілдеде Алматыда Kokjailau Challenge атты Хакатонныӊ финалдық кезеӊі өтті, онда бағдарламалық жасақтамашылар мен стартапшылардыӊ құрамалары келешек таулы курорттыӊ туристік әлеуеті мен экологиясын жақсартуға бағытталған сандық құралдардыӊ тұсаукесерін өткізді. Курорт жобасын жасаушылар мен Almaty Travel Lab және VisitAlmaty орталықтарыныӊ басшылары құрамына енген әділ қазылар алқасы еӊ үздік жұмыстарды іріктеді. Қатысушылар VisitAlmaty орталығымен бірлесе отырып өз жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін алады, ал бас жүлде ретінде заманауи смарт-технологиялар мен трэвел-индустрияны зерттеуге арналған Сингапурға сапар ұсынылды.

KOKJAILAU CHALLENGE іс-шарасыныӊ басты тақырыптарыныӊ бірі экологияға, таулы курортта ауа мен қоршаған ортаныӊ сапасын онлайн-режимде қадағалап отыруға бағытталған заманауи құралдарды, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін smart-сервистерді жасап шығаруға, сондай-ақ, курортқа келушілердіӊ ондағы флора мен фауна, бағыттар, экологиялық әдеттер туралы білімін арттыруға бағытталған шешімдерді ойластыруға арналды. Осыған қарамастан, жас ғалымдар мен кәсіпкерлерден құралған 26 құрама электрондық құтқару құралдарынан бастап, SmartGEО технологияларыныӊ негізіндегі онлайн-ойындарға, бюджеттік мәліметтерге негізделген дайын туристік ұсыныстарға негізделген инновациялық туристік бандлдардан бастап курорт шеӊберінде білім беру мақсатындағы бастамаларға дейінгі сан алуан жасақтамаларды ортаға салды.

"Бүгінгі күні қолда бар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысты жұмыстарға заманауи технологиялар мен смарт-шешімдердіӊ креативтік ортасында өмір сүріп жатқан жас кәсіпкерлерді, жас ғалымдар мен стартапшыларды жұмылдырудыӊ маӊызы айрықша зор,- деп мәлімдеді Almaty Travel Lab жетекшісі Рашид Дүйсембаев, - Жобаны жасау үдерісіне жас өскелеӊ ұрпақтыӊ өкілдері ретінде олардыӊ идеяларын, көзқарастары мен пікірін қамти ескеру - келешекке бағдар ұстанған көзқарас. Осындай ұстаным ғана жобаныӊ келешекте ұзақ жылдар бойғы тұрлаулы әрі бәсекелі дамуын қамтамасыз ете алады".

"Курорттыӊ жобасын жасаушы ретінде, жобаныӊ келешегі үшін жауапкершілік жүктеп алған компания ретінде біз оған туристік, экологиялық, құрылыс және демалыс секілді сан түрлі сарапшылық топтардыӊ арасынан жас, дарынды әрі констриуктивтік көзқарастағы күштердіӊ барлығын жұмылдырудан мүдделіміз,- дейді қазылар алқасыныӊ төрағасы, Almaty Mountain Resorts бас директоры Наиль Нуров. - Біз идеялар мен инновацияларға ашықтық білдіреміз, сондықтан да дарынды жастарға жобаға өз үлестерін қосуға мүмкіндік бердік және бүгін ұсыныстарын тыӊдап шыққан тараптардыӊ барлығымен өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратын боламыз. Осындай смарт-алаӊдардағы креативтік жұмыстарды келешекте де қолдайтын боламыз, өйткені, бұл - миллиениалдар буыныныӊ курорттан нені күтетінін түсінуге қажетті аса маӊызды құрал болмақ".

Хакатонда Geek Parthners компаниясы ұсынған "Smart Kokjailau" экологиялық жобасы жеӊімпаз атанды, оныӊ авторлары туризм саласындағы инновацияларды зерделеп қайту үшін Сингапурға сапарға аттанады. Ақшалай сыйлығы бар екінші және үшінші орындарды қауіпсіздік саласындағы SAGE жобасы мен Journey (виртуалды нақтылық гиді) жасақтамалары иеленді. Хакатонды ұйымдастырушылар мен "Көкжайлау" ТШК жобалаушылары бүгінгі Хакатонда тұсауы кесілген бірқатар жобалардыӊ қоғамдық талқылауларын курорттыӊ диалогтық онлайн-алаӊында одан әрі жалғастыруға уәде берді.

Бұл Хакатон Almaty Travel Lab сериясындағы бес Хакатонныӊ бесіншісі болып табылады, ол сандық құралдар арқылы туристік әлеуетті дамытуға бағытталған. Бұл жоба қаланыӊ туристік ақпараттық VisitAlmaty ресми орталығыныӊ, "Арман аймағы" қоғамдық қорыныӊ және Алматы қаласыныӊ Туризм және сыртқы байланыс басқармасыныӊ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Хакатон - ағылшын тіліндегі hack және marathon деген екі сөзінен туындаған сөз, ол қатысушы құрамалар 24 сағатта идеядан прототипке дейінгі жолды жүріп өтетін өзіндік ерекше интеллектуалдық марафон болып табылады. Кейінгі жылдары хакатондар тек бағдарламалық жасақтамашылар үшін ғана емес, сонымен бірге, дизайнерлер, маркетологтар мен басқа да бағыттағы мамандар үшін де пайдаланылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны