23.09.2015, 09:05 4637

Көкнәр - 2015 ауқымындағы іс-шаралардыӊ кезекті жемісі

Қордай шекара отряды шекарашыларыныӊ берген мәлеметтері бойынша қозғалып Қордай аудандық Ішкі істер басқармасыныӊ есірткімен күрес бөліміне тапсырылған қылмыстық істіӊ шеӊберінде, Жамбыл облысыныӊ Қордай аудандық прокурорыныӊ санкциясымен, аталған ауданныӊ Қарасай ауылында тұратын күдіктініӊ үйіне және қора-жайына тінту жүргізуге барған Қордай шекара отрядыныӊ офицерлерінен және Қордай аудандық ІІБ есірткімен күрес бөлімініӊ бірлескен жедел тобы "кәсіби есірткі бароныныӊ" "шаруашылығына" тап болғандарын анықтады

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қордай шекара отряды шекарашыларыныӊ берген мәлеметтері бойынша қозғалып Қордай аудандық Ішкі істер басқармасыныӊ есірткімен күрес бөліміне тапсырылған қылмыстық істіӊ шеӊберінде, Жамбыл облысыныӊ Қордай аудандық прокурорыныӊ санкциясымен, аталған ауданныӊ Қарасай ауылында тұратын күдіктініӊ үйіне және қора-жайына тінту жүргізуге барған Қордай шекара отрядыныӊ офицерлерінен және Қордай аудандық ІІБ есірткімен күрес бөлімініӊ бірлескен жедел тобы "кәсіби есірткі бароныныӊ" "шаруашылығына" тап болғандарын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үйде және үй маӊындағы телімнен 20 кг-ға жуық кептірілген кендірқурай, 20 грамнан астам шикі апиын және 3 дана аӊшы мылтығы мен оқ-дәрілер, аӊшы қанжарымен қоса есірткі егістігін күту, өӊдеу құралдары, дайын есірткіні сақтау орындары табылды. Табылған заттар айғақ ретінде тіркеуге алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны