09.12.2008, 13:56 1606

Көксарай су реттегішін салатын аймақта қалған малшы тұрақтары үшін төленетін өтемақы көлемі 180 млн теңгені құрайды

Көксарай су реттегішін салатын аймақта қалған малшы тұрақтары үшін төленетін өтемақы көлемі 180 млн теңгені құрайды

Шымкент. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Көксарай су реттегішін салатын аймақтан үш мыңдай малшылар шаруашылығын көшіру қажет. Оларға төленетін өтемақы мөлшері 179 млн теңгені құрайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Арыс ауданы әкімінің орынбасары Батырбек Исламбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, негізінен құрылыс түріндегі мүлік үшін ғана өтемақы төленеді.

"Бірінші кезекте малшылардың 28 үйі мен 33 қора-жайы үшін өтемақы төленеді. Сонымен бірге су астында қалатын аймақта құдықтар мен басқа да мүліктер бар. Сонымен бірге, өтемақының құрамында түспеген пайда да есептелген", - деді әкімнің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны