10.02.2010, 17:54 3538

Көксарай су реттегішіне сынақ түрінде су жіберіле бастады

Көксарай су реттегішіне сынақ түрінде су жіберіле бастады

Шымкент. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Көксарай су реттегішіне сынақ түрінде су жіберіле бастады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде бірге ере келген ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Көксарай су реттегішіне су жіберілді, бірақ бұл су реттегіш суға толтырылды деген сөз емес, бұл - барлық гидроқұрылғылардың жұмыс қабілетін тексеруге бағытталған сынақ түріндегі су жіберу. Қазір секундына 50 текше метр су жібереміз, бұдан кейін секундына 100, 200, 300 текше метр су жіберіп сынап көреміз. Изірге бәрі бірқалыпты", - деді В. Божко.

Министрдің айтуынша, Сырдариядан бір текше шақырым су жинау үшін су реттегішті толтыру жұмыстарының басты бөлігі наурыздың ортасында басталады.

В. Божконың айтуынша, "құрылысшыларға су реттегішті келесі жылы салып бітіру мақсаты қойылған".

Су реттегіштің құрылысына 2009 жылы 21 млрд теңге бөлінген, барлық қаржы толық игерілді. Биыл құрылысты одан әрі жалғастыруға тағы да 15 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары 2008 жылы басталған, кешеннің құрылысын салып бітірудің жоспарланған мерзімі - 4 жыл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны