15.03.2010, 15:25 2786

Көксарай су реттегішінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ

Көксарай су реттегішінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ

Шымкент. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Көксарай су реттегішінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық өңірлік эксплуатациялық-техникалық басқармасының (Қазселденқорғау) бас инженері Тілес Кулешовқа сілтеме жасап.

Т. Кулешовтың мәлімдеуінше, "қазір мұндай тасқын қаупі жоқ, Көксарай тасқын қаупіне қарсы режимде жұмыс істеп жатыр және оны табысты іске асыруда. Егер ол жоқ болса, онда мәселе басқаша болар еді... Осыдан бірнеше жыл бұрынғы Маяқұм естеріңізде болар? Көксарай Сырдарияға түсетін ауыртпалықты жеңілдетіп отыр. Қазір біз 576 млн текше метр су жинадық".

Т. Кулешовтың мәліметінше, "басты нысан жұмыс істеп тұр, суды әкелетін және әкететін арналар жұмыс істеп тұр, қазір тоғанның биіктігі көтеріле түсуде".

Бүгінгі жағдаймен Шардара су қоймасынан тасталатын су келетін судан артылып отыр. "Югводхоз" РМК қызметкерлерінің мәліметінше, Шардараға келетін су көлемі секундына 1297 текше метрді, Сырдарияға тасталатын көлем - секундына 900 текше метрді, Көксарай су реттегішіне тасталатыны - секундына 300 текше метрді құрап отыр, ал Қызылқұм каналына -180. Шардара су қоймасында 5 млрд 261 млн текше метр су жиналды, ал оның жобалық қуаты 5,2 млрд тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны