28.10.2010, 14:16 4250

Көксарай су тоспасының құрылысы 2010 жылдың 1-желтоқсанына қарай аяқталады - Шүкеев

Көксарай су тоспасының құрылысы 2010 жылдың 1-желтоқсанына қарай аяқталады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қазан. Kazakhstan Today - Көксарай су тоспасының құрылысы 2010 жылдың 1-желтоқсанына қарай аяқталады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыс толық қарқынмен жүріп жатыр. Ол жақта бізге жұмыстың кесте бойынша жүріп жатқандығын мәлім етті. Құрылыс 1-желтоқсанға дейін аяқталатын болады. Бірақ бұл бөгеттің кері беті қаңтар айында бетондалады",- деді Ө. Шүкеев.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2010 жылдың соңына дейін Көксарай су тоспасы салынып бітуі тиіс, 2011 жылы біз су қоймасына 3 млрд. текше метр су сақтайтын боламыз", - деді "Қазауылқорғау" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тоқтарбек Баймолдаев. Сондай-ақ ол негізгі ғимараттарды салу жөніндегі жұмыстардың аяқталып қалғандығын жеткізді.

Көксай су тоспасының бірінші кезегі 2009 жылдың аяғында берілген болатын. Толтыру 11-ақпанда басталған.

Құрылыс құны - 52 млрд 346 млн тенге. Қаржыландыру көзі - мемлекеттік бюджет. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2008 - 2012 жылдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны