10.09.2012, 10:28 3518

Көкшетау әуежайы ИКАО-ның I санатына сай келетін болады

Көкшетау қаласының әуежайы қайта салу жобасы аяқталған соң барлық халықаралық талаптарға жауап беретін және ИКАО-ның 1-ші санатына сай келетін еліміздегі 11-ші әуежай болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетау әуежайы ИКАО-ның I санатына сай келетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау қаласының әуежайы қайта салу жобасы аяқталған соң барлық халықаралық талаптарға жауап беретін және ИКАО-ның 1-ші санатына сай келетін еліміздегі 11-ші әуежай болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Биылғы жылдың соңына дейін перронды, әуе кемелері тұрағын, бұрылу жолдарын, ЖЖМ қоймасының құрылысын, аэровокзал кешенін және өзге де көмекші нысандарды қайта салу жұмыстарын аяқтау жоспарланған", - делінген хабарламада.

Ведомствадан хабарлағандай, жоба бойынша барлық нысандарды тапсыру ағымдағы жылдың соңына белгіленген.

ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес қараша айында құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енген қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады.

"Нысан "ҚР Құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚНжЕ)" сәйкес келген жағдайда ғана ресми түрде қабылданатын болады. Бас мердігермен келісілген шартқа сәйкес, атқарылған жұмыстардың кепілді мерзімі нысан тапсырылған күннен бастап 60 айды құрайды. Егер осы мерзім ішінде қандай да бір ауытқулар анықталса, олар мердігердің есебінен қайта жөнделеді", - деп атап өтілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны