23.11.2017, 18:17 6243

Көкшетау қаласында Байдалы би, Илдебек би, Бапан би және Саққұлақ билердіӊ есімдерімен көше атаулары өзгертіледі

Қоғамдық тыӊдауда Ақмола облысыныӊ сот жүйесініӊ, Көкшетау қаласыныӊ төрт көшесіне Ақмола өӊірінде өмір сүрген билердіӊ есімдері, атап айтқанда, Западная көшесіне - Байдалы би, Восточная көшесіне - Илдебек би, Новоселов көшесіне - Бапан би және Заводская көшесіне Саққұлақ бидіӊ есімдерін беруге ұсыныстар қаралды.

Көкшетау. 23 қараша. Kazakhstan Today - "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында Байдалы би, Илдебек би, Бапан би және Саққұлақ билердіӊ есімдерімен көше атаулары өзгертіледі.

Көкшетау қаласыныӊ әкімдігінде Көкшетау қаласыныӊ көше атауларын өзгерту бойынша қоғамдық тыӊдаулар өтті. Оған облыс судьялары, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ өкілдері мен сот жүйесініӊ ардагерлері белсенді түрде қатысты.

Қоғамдық тыӊдауға қаланыӊ құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері, журналистер, Қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері, мемлекеттік органдар және жастар ұйымыныӊ өкілдері шақырылды.

Қоғамдық тыӊдауда Ақмола облысыныӊ сот жүйесініӊ, Көкшетау қаласыныӊ төрт көшесіне Ақмола өӊірінде өмір сүрген билердіӊ есімдері, атап айтқанда, Западная көшесіне - Байдалы би, Восточная көшесіне - Илдебек би, Новоселов көшесіне - Бапан би және Заводская көшесіне Саққұлақ бидіӊ есімдерін беруге ұсыныстар қаралды.

Қоғам белсенділері аталған ұсыныстарды қолдап, депутаттар көше атауларын ауыстыруды бірауыздан қолдады.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысыныӊ сот жүйесімен өскелеӊ ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, мемлекеттік тілдіӊ рөлін арттыру, қазақ халқыныӊ тарихи тұлғаларыныӊ есімдерімен ескірген әкімшілік объектілердіӊ атауларын өзгерту мақсатында, өӊірдегі әкімшілік ғимараттар және географиялық объектілердіӊ атауларын өзгерту бойынша жұмыс жалғасатын болады,- деп хабарлайды Ақмола облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны