26.03.2010, 13:35 3285

Көкшетау қаласында сот қателігіне байланысты көп балалы отбасы баспанасы мен ақшасынан айрылып қалды - телеарна

Көкшетау қаласында сот қателігіне байланысты көп балалы отбасы баспанасы мен ақшасынан айрылып қалды - телеарна

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласында 4 бөлмелі пәтерді сатып алған 11 балалы отбасы баспанасына кіре алмай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, м"емлекеттік аукцион арқылы саудаға қойылған үйді алу үшін олар бұрынғы пәтерлерін сатып жіберіп, жаңа баспанаға 4 миллион 200 мың теңге төлеген. Үлкен отбасының сергелдеңге түсуіне жергілікті сот орындаушыларының қателігі себеп болған. Өйткені олар тәркіленген пәтерді аукционға қойған кезде осы үйде басқа да адамдардың үлесі бар екенін ескермеген.

Көкшетау қаласында тұратын Погоровтар отбасы сот шешімі бойынша аукцион арқылы саудаға қойылған пәтер жөнінде газеттегі хабарландырудан оқыпты. 11 бала тәрбиелеп отырған олар баспаналарын кеңейту үшін тұрып жатқан үйін сатып жіберген. Дегенмен көп балалы отбасы қолдарында заңды құжаттары бар жаңа қонысына кіре алмай, 8 айдан бері пәтер жалдап отыр".

"Мынадай да сұмдық болады екен! Баспанамызды сатып, ақшасына сол үйді алдық қой. Енді міне, далада отырмыз. Не ақшамызды қайтарар емес, не пәтерді босатар емес. "Аукцион заңсыз өтті" деп шешіпті. Біздің не жазығымыз бар? Сегіз айдан бері пәтер жалдап тұрып жатырмыз",- дейді көп балалы ана Любовь Погорова.

КТК ақпаратына сәйкес, "соттың аукционды заңсыз деп табуына сот орындаушыларының қателігі себеп. Өйткені олар тәркіленген пәтердің иесін ғана есепке алып, отбасындағы осы баспанадан үлесі бар басқа да адамдардың құқықтарын ескермеген. Аукцион өткізген мемлекеттік мекеме де "бар кінә - соларда" деп отыр".

"Ал соттар әкімшілігі болса, "біз де сот шешіміне жүгінеміз, дегенмен бұрынғы қожайынның әйелі мен балалары бар екендігі сотта қалай ескерілмегені бізге де түсініксіз" дейді. Аукционда сатылған мүліктің даулы мәселеге айналуы бұрын-соңды тіркелмеген болса керек",- делінген сюжетте.

Ақмола облыстық соттар әкімшісінің орынбасары Нұрлан Оспан: "Заңды түрде өтті. Кассациялық алқаға шағымданып отырмыз. Біз бірінші және аппеляциялық сот инстанцияларының шешіміне қарсы шағымданатын боламыз. Бұл жерде судья, сот орындаушы деп бөліп жаратыны жоқ. Біз керісінше, сол сатылған мүлікті заңды сатып алушыға беруге күш жұмсап жатырмыз. Қанша уақытта қарайтынын біз сотқа айта алмаймыз",- дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны