11.12.2017, 19:08 3877

Көкшетау қаласында "Жаӊғырған жаӊа Қазақстан!" аймақтық ақындар айтысы өтті

Айтысқа Көкшетау, Астана, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларыныӊ жас ақындары қатысып, ел алдында бақ сынаған.

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Көкшетау қаласында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініӊ ұйымдастыруымен Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ "Рухани қазына" кіші бағдарламасын іске асыру аясында аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Айтысқа Көкшетау, Астана, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларыныӊ жас ақындары қатысып, ел алдында бақ сынаған.

Іс-шара "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ халқыныӊ ауызекі өнерін дамыта отыра, жаӊа суырып салма ақындарды анықтау, жас ақындардыӊ шығармашылық бастамасына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Айта кеткен жөн, ақындар "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы" бағыттары, ұлттық код, ұлттық мәдениет, "100 жаӊа есім" мәселелерін қозғап, ел үшін еӊбек еткен тарихи тұлғалардыӊ өмірі мен ерліктері жайлы тақырыптарды ортаға салды.

Мәдени шараныӊ демеушілері "АП-Импекс" ЖШС-ныӊ директоры Жұмабай Амиржанов пен "Зеленстрой" ЖШС-ныӊ директоры Геннадий Осиненко. Ал жүргізушісі - белгілі айтыскер-ақын Арман Бердалин болды.

Қазылар алқасыныӊ шешімі бойынша бас жүлдені Қарағанды қаласынан Ботакөз Мұхиден алса, І орын Петропавлдан келген Мақсат Серікке тиесілі болды. Ал ІІ орынды ақтөбелік Нартай Тілеуқұл мен көкшетаулық айтыскер Мұхамед Қонқаев еншілеген. Қостанайлық Нұрсұлтан Қасым мен қызылордалық Төрехан Совет ІІІ орынды өзара бөлісіп алған. Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласынан Нұрислам Ибділ мен елордадан келген ақын Ардакерей Кәп алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны