02.10.2007, 13:44 2922

Көкшетау қаласында жылу маусымы басталды

Көкшетау қаласында жылу маусымы басталды

Көкшетау. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 1 қазаннан бастап Көкшетауда жылу маусымы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінң тілшісі.

Жоспардағыдай бірінші кезекте жылуды әлеуметтік нысандарға, яғни денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне қосқан.

"Күннің екінші жартысында жылу балалар бақшасы мен ауруханаларға беріле бастады. Ұзаққа созылған жылы және құрғақ ауа-райынан кейін бүгін қалада жаңбырлы және айтарлықтай салқын (7 градус жылы) екендігін ескере отырып, біз жылу маусымын дер кезінде бастадық деген ойдамын", - деп атап өтті Көкшетау әкімі Андрей Никишев.

"Отынға байланысты мәселе туындамайды. Қала жылу маусымына жүз пайыз дайын. Сондықтан, 15 қазанға дейін екі аптаның көлемінде Көкшетау қаласын жылуға толығымен қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Андрей Никишев.

Облыс орталығында 744 көп қабатты тұрғын үй (36,6 мың абонент), 40-тан астам білім беру, оннан аса денсаулық сақтау нысандары бар. Көкшетау қаласында барлығы 140 мыңнан астам адам тұрып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны