28.04.2018, 00:59 5196

Көкшетауда "Ақан серініӊ ән бесігі" атты әдеби кеш өтті

Шара ХІХ ғасырдыӊ екінші жартысында өмір сүрген қазақтыӊ әнші-ақындар тобыныӊ көрнекті өкілдерініӊ бірі Ақан сері Қорамсаұлыныӊ шығармашылығына арналған ғылыми конференция және әдеби-музыкалық кеш ретінде екі кезеӊнен тұрады.

Көкшетау. 28 сәуір. KazakhstanToday - Көкшетау қаласы "Достар" мәдениет сарайында "Ақан серініӊ ән бесігі" атты litrary evening ұйымдастырады, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Шара ХІХ ғасырдыӊ екінші жартысында өмір сүрген қазақтыӊ әнші-ақындар тобыныӊ көрнекті өкілдерініӊ бірі Ақан сері Қорамсаұлыныӊ шығармашылығына арналған ғылыми конференция және әдеби-музыкалық кеш ретінде екі кезеӊнен тұрады.

Ал, композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанныӊ еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов, филология ғылым докторы, профессор Серік Негимов, Қазақстан Республикасыныӊ Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, профессор, Қазақ ұлттық университеті Дәстүрлі ән кафедрасыныӊ меӊгерушісі Қайрат Байбосынов, жазушы-журналист, ҚР Жазушылар одағыныӊ мүшесі, Қазақстанға еӊбек сіӊірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласыныӊ Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Төлеген Қажыбай, жазушы-драматург, М.Иуезов атындағы өнер институтыныӊ ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы, "Рухани жаӊғыру" жобалық кеӊсесініӊ жетекшісі Еркін Исимбаев бұл ғылыми конференцияныӊ спикерлері болды.

Аталған іс-шараныӊ мақсаты - халқыныӊ аспаптық, вокалдық музыкасын сақтау және насихаттау, шығармашылық байланыс пен әріптестікті нығайту, Ақан сері тұлғасыныӊ тарихи әрі мәдени маӊызын насихаттау. Ал, негізгі тақырыбы - шығармалары қазақ халқыныӊ мәӊгілік музыкалық қорына енген ұлы суырып салма ақынныӊ музыкалық мұрасын кеӊінен таныту.

Мәдени шарада халықтыӊ музыкалық қазынасында өзіне лайықты орын алған Ақан серініӊ биік шыӊдағы туындылары: "Құлагер", "Маӊмаӊгер", "Мақпал", "Балқадиша", "Көкжендет", "Сырымбет" және тағы басқа өлеӊдері орындалды.

Сондай-ақ, бүгінгі таӊда музыка, өнер саласын зерттеушілер оныӊ шығармашылығын зерттей келе жаӊа қырларын ашып, үздік қазақ музыкалық дәстүрлерін жаӊа қырынан насихаттап келеді. Барлық орындаулар - облыс тұрғындарына арналған керемет, әуезді музыкалық тарту болды.

Мәдени шара қалалық зиялы қауым өкілдеріныӊ, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткерлерініӊ, филолог-оқытушылардыӊ, жақын және алыс шетел шығармашылық зиялы қауымыныӊ, Қазақстан мәдениеті тарихы зерттеушілерініӊ, жоғары және арнайы орта білім мекемелері студенттерініӊ және БАҚ өкілдерініӊ қатысумен өтті.

Іс-шараныӊ медиа-тапсырмасы қазақ музыкалық фольклорын дәріптеу, ұлттық мәдениет дәстүрін сақтау болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны