22.07.2017, 11:37 5596

Көкшетауда балалардыӊ жаӊа демалыс орны ашылады

Саябақтағы құрылыс жұмыстары жоба бойынша 2015 жылы басталып, онда спорт алаӊы мен көпшілік әжетхана секілді екі нысанныӊ құрылысы енгізілген еді. Қазір мұнда ғимаратты жөндеу, су, жылу, кәріз желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдыӊ тамыз айыныӊ соӊына дейін желілер толық орнатылып болады.

Көкшетау. 22 шілде. Kazakhstan Today - Көкшетауда балалардыӊ жаӊа демалыс орны ашылады. Бұрын "Балалар теміржолы саябағы" болған үлкен алаӊда қазір құрылыс және көркейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта бұл жер балаларға арналған үлкен демалыс саябағына айналады деп күтілуде.

Саябақтағы құрылыс жұмыстары жоба бойынша 2015 жылы басталып, онда спорт алаӊы мен көпшілік әжетхана секілді екі нысанныӊ құрылысы енгізілген еді.

Қазір мұнда ғимаратты жөндеу, су, жылу, кәріз желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдыӊ тамыз айыныӊ соӊына дейін желілер толық орнатылып болады.

Бүгінде жұмыс жоспары 70 пайызға орындалған. Сонымен бірге, қазір мұнда кеспе тастарды қалау, қоршау орнату жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жұмысқа 48 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

Алдағы уақытта саябақта баскетбол, футбол секілді басқа да ойын алаӊдары салынады деп күтілуде. Сонымен бірге, бұл ауданда "Оқушылар сарайын" салу, аквапарк, этноауыл, тағы да басқа ойын- сауық ғимараттарын салу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны