25.06.2008, 10:17 1743

Көкшетауда электр қуатының тарифі көтерілді

Көкшетауда электр қуатының тарифі көтерілді

Көкшетау. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақмола облысындағы электр қуатының жаңа тарифін бекітті. Ол ҚҚС санағанда 1 кВт-сағатқа 0,50 теңге көтеріліп, 7,49 теңгені құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің бұған баруымыздың басты себебі - станциядан электр қуатын сатып алу құнының өсуі болып отыр", - дейді Көкшетау энерго" ЖШС бас директоры Берік Илікбеков.

"Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап республиканың барлық қуат көздері электр қуатын 15 пайызға арттырды. Ал біз қазір тарифті қазір ғана және бар болғаны 7,2 пайызға арттырып отырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны