20.05.2014, 21:11 2941

Көкшетауда "EXPO-2017" көрмесін өткізуге арналған инновациялар байқауы өтті

Көкшетауда "EXPO-2017" дүниежүзілік көрмесін Қазақстанда өткізуге арналған жастар, студенттер мен жас кәсіпкерлер арасындағы облыстық "AKMOLA POWER" инновациялық идеялар және жобалар байқауы өтті.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Көкшетауда "EXPO-2017" дүниежүзілік көрмесін Қазақстанда өткізуге арналған жастар, студенттер мен жас кәсіпкерлер арасындағы облыстық "AKMOLA POWER" инновациялық идеялар және жобалар байқауы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - "Education Invest" қоғамдық қоры, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының "Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып.

Көрме алаңдарында өңірдегі "жасыл экономикаға" көшуге барынша көп әлеуеті бар энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу секторларын дамыту перспективалары бойынша инновациялық идеялар мен ғылыми жобалардың көрсетілімі ұйымдастырылған, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

"AKMOLA POWER" инновациялық идеялар және жобалар байқауына қатысуға 240-тан астам өтінім түсті. Солардың ішінен 43 үздік жоба іріктеліп алынды.

Жобаларды бағалау және оларды қолдау мен әрі қарай жылжыту үшін құрамына Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры Ақмола облыстық филиалының, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм және экология, білім басқармаларының басшылары, облыстың ғалымдары және т.б. енген ғылыми-техникалық кеңес құрылды.

Айта кетейік, ғылыми-техникалық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын алған инновациялық идеялар мен жобалар дербес базаға енгізіліп, апробациядан өткізіп өндіріске енгізу мақсатында қолдау көрсету және қаржыландыру жолдарын іздеу үшін жоғары тұрған инстанцияларға жолданатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны