10.10.2017, 17:18 4268

Көкшетауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ қабырғасында "Еуразиялық идея және посткеӊестік кеӊістіктегі интеграциялық үрдістер" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

Көкшетау. 10 қазан. Kazakhstan Today - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ қабырғасында "Еуразиялық идея және посткеӊестік кеӊістіктегі интеграциялық үрдістер" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Жоғары оқу орнына жиналған қонақтар алдымен университет мұражайын, "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ жетістіктері" атты көрмені тамашалап, еуразиятанушы Ш.Уәлихановтыӊ ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қойды.

Конференцияға университеттіӊ ректоры, техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайратке Ибдімүтәліп Ибжаппаров, университеттіӊ оқытушылары мен студенттері, журналисттер қатысқан.

Конференцияныӊ пленарлық мәжілісінде тақырыпқа қатысты баяндаманы саясаттану ғылымдарыныӊ докторлары, Ресей Федерациясыныӊ Мәскеу, Санкт-Петербург мемлекеттік университеттерініӊ профессоры Александр Ширинянц, Александр Курочкин, Владимир Гуторов, Валерий Ачкасов, Синьцзян мемлекеттік университетініӊ докторанты Нұрбақыт Кенжехан, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ тарих, құқық, өнер және спорт факультетініӊ деканы, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ақбота Бексейітова оқыды.

Баяндама барысында көптеген тақырыптар қозғалып, ұтымды ойлар айтылды. Атап айтқанда, Ақбота Бексейітова "Еуразиялық дала өткениеті: теориялық-методологиялық және тарихнамалық шолу" тақырыбын қозғаса, А.Пушкин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетініӊ профессоры, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы Алексей Кадочников "Еуразиялық кеӊістіктегі экологиялық саясат азаматтар мен қоғам мүдделерініӊ маӊызды құрамдас бөлігі болып табылады" тақырыбында болашақ ұрпақ үшін, болашақ оқушы, студенттер үшін экологияны сақтап қалудыӊ мүмкін жолдарын қарастыру керектігін сөз қылды. Сондай-ақ, Қытайдыӊ Синьцзян университетінен келген докторант Нұрбақыт Кенжеханныӊ баяндамасы репатриант, яғни оралман қазақтардыӊ шет елде бейімделу, интеграциялану үрдісіндегі туындайтын қиындықтары жайлы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны