27.08.2009, 16:53 3650

Көкшетауда қарттарға арналған Мейірімділік үйі жабылды

Көкшетауда қарттарға арналған Мейірімділік үйі жабылды

Көкшетау. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Көкшетауда қарттарға арналған жалғыз Мейірімділік үйі жабылды, онда 75 адам тұрып жатқан болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мейірімділік үйі он екі жыл бойы Қызыл Жарты Ай қоғамының қамқорлығында болған, алайда, қоғамдағылар жуырда қарттардың мемлекеттік ғаріпханаларға ауыстырылғаны артық деп мәлімдеді.

"Біз он бір адамды Щучинскідегі медициналық-әлеуметтік мекемесіне жеткіздік. Он жеті қария Астанаға таяу жердегі Малотимофеевскідегі осындай мекемеге орналастырылды", - деді Қызыл Жарты Ай қоғамының төрайымы Күләш Кәрішалова.

Оның айтуынша, Щучинскіде қарияларға лайықты бағым-күтім мен ем-дом жасалады. "Сонымен бірге, олар зейнетақыларын толық алады, өйткені, бұған дейін аталар мен апаларымыз өз зейнетақыларынан жарна төлеп, өздерін өздері асырап келді. Олар енді зейнетақыларын жинап, шипажайларға бара алады, саяхаттап немесе ақшасын жинай алады. Мемлекетке бір адамды асырау ай сайын 85 мың теңгеге түседі", - деді К. Кәрішалова.

"Тағы үш адам Купчановка ауылындағы психоневрологиялық диспансерге жіберілді. Жүріп-тұра алмайтын он бес қария жедел жәрдем көлігімен МАИ қызметкерлерімен бірге Бұланды және Макинка медициналық-әлеуметтік мекемесіне жеткізілді. Он адамды туыстары алып кетті, оған біз өте қуандық. Изірге үш адам ғана баратын жері жоқ болып отыр. Қариялардың құжаттары дұрыс емес, олар Мейірімділік үйіне бейімдеу орталықтарынан жеткізілген. Олардың мәселесімен әлеуметтік қамсыздандыру мекемесі айналысатын шығар. Қалай болғанмен де мен оларды далаға тастамаймын, олардың бәрі де орналастырылады. Бір-екі айда олар жаңаша жағдайға бейімделеді", - деді К. Кәрішалова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны