09.10.2017, 13:40 4569

Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердіӊ көрме-байқауы өткізілді

Дүбiрлi додаға Республиканыӊ түкпiр-түкпiрiнен 100-ден аса тазы, төбет, спаниель, батыс-сiбiр лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер әкелiндi.

Көкшетау. 9 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ орталығы Көкшетау қаласында қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердiӊ бiрiншi республикалық көрме-байқауы өткiзiлдi. Шараны "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберiнде "Қансонар" аӊшылардыӊ қоғамдық бiрлестiгi мен аӊшылық шаруашылығы субьектiлерiнiӊ республикалық қауымдастығы, Ақмола облысыныӊ әкiмдiгi ұйымдастырып отыр.

Жетi қазынаныӊ бiрi саналатын асыл тұқымды төбет төрт түлiк малды түз тағыларынан қорғаса, құмай тазыны қазақ халқы ежелден аӊшылыққа пайдаланған. Бүгiнде көненiӊ көзiндей болған сол асыл тұқымдылар жойылмай, сақталып келе жатқан жайы бар.

Дүбiрлi додаға Республиканыӊ түкпiр-түкпiрiнен 100-ден аса тазы, төбет, спаниель, батыс-сiбiр лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер әкелiндi.

Жарыс талабы бойынша иттер бiрнеше сынақтан өткiзiлiп, еӊ үздiктерiнiӊ иелерi арнайы диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейiк, Ақмола облысында 70 жуық адам асыл тұқымды ит асыраумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны