23.07.2008, 14:50 2453

Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы қымбаттайды

Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы қымбаттайды

Көкшетау. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы 27 шілдеден бастап 5 теңгеге қымбаттап, 35 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Көкшетау әкімдігінен хабарлады.

Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар үшін жолақысы бұрынғы 15 теңге деңгейінде қалады. Қаладағы тасымалдаушылар қабылдаған шешімге сәйкес, Көкшетау қаласындағы барлық бағыттарда автобустармен тегін жүру құқығына Ұлы отан соғысының ардагерлері, фашистік лагерь тұтқындары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, интернационалист- мүгедектер, "Халық каһарманы" атағы барлар, көзі көрмейтін 1-ші топтағы мүгедектер, Чернобыль АЭС апатын жоюшылар, Ұлы отан соғысының құрбандарының жесірлері, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, "Батыр ана" және КСРО батыры атағы бар адамдар ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны