07.04.2008, 10:21 1834

Көкшетауда "Көкшетау Су арнасы" мекемесінің кінәсінен 2500 абонент телефон байланысынсыз қалды

Көкшетауда "Көкшетау Су арнасы" мекемесінің кінәсінен 2500 абонент телефон байланысынсыз қалды

Көкшетау. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда "Көкшетау Су арнасы" мекемесінің кінәсінен 2500 абонент телефон байланысынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Көкшетау Су арнасы" ҚКК қызметкерлері жөндеу жұмыстары кезінде "Қазақтелеком" АҚ-ына қарасты кабельді бүлдірген. Осы аудандағы 2500 абонент қалалық телефон байланысынсыз қалды.

Апат орнына 20 жуық техника келіп жетті. Байланысшылар мыңдаған кабль сымдарын қолмен қосып шығуы қажет. Аудандағы байланысты толық қалпына келтіру үшін он шақты күн керек.

Оқиға орнына келген Көкшетау әкімі Бақыт Сапаров коммуналдық ұйым жетекшілерінің жұмысқа деген немқұрайдылығын қатаң сынады. "Орысша бәлкімге сенуді доғару керек. Адамдар апаттарға толы осы қыстан мезі болды. Мұндай жұмыстар екі ұйымның келісімімен жүзеге асырылуы тиіс екенін сіздер білмейсіздер ме? Мен "Көкшетау Су арнасы" мекемесінің бас директоры Алтай Икімовқа барлық апат салдары жойылғанша осы жерді тастап кетпеуді тапсырамын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны