08.02.2010, 17:23 3239

Көкшетауда коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қарсы кәсіпкерлер митингіге шықпақ ниетте

Көкшетауда коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қарсы кәсіпкерлер митингіге шықпақ ниетте

Көкшетау. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Көкшетауда коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қарсылық білдірген кәсіпкерлер митингіге шықпақ ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Баршаға мәлім, 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық заңды және жеке тұлғалар үшін коммуналдық қызметтің тарифтері көтерілді. Бұл әсіресе кәсіпкерлер біздерге соққы болып тиді. Бағаның көтерілуі бізді тақырға отырғызды, біздің кәсібіміз пайдасыз болып шықты", - дейді жеке кәсіпкер Виталий Карнашаускас.

"Біз осы мәселе бойынша атқарушы билікке қз ұстанымымызды жеткізіп, қарсылық білдіруге ұйғардық. Көптеген келіссөздерден кейін мәмілеге келе алмаған біздер митинг өткізуді ұйғардық. Оған рұқсат берілген және ол 2010 жылдың 13 ақпанына сағат 13.00 мен 14.00 аралығына Сәдуақасов пен Құсайынлв көшелерінің қиылысындағы "Кокшетаусельстрой №2" демалыс және мәдениет саябағының аумағында өткізіледі деп межеленген", - деп мәлімдейді бастамашы топ.

" "Көкшетау Жылу" ШЖҚ (шаруашылық жүргізу құқығы) бар ҚКК көмір, мазут және басқа да шығындарын ескергенде жылу энергиясының нақты құны 1 шаршы метріне 140 теңгені құрайды. Бірақ біз мұндай тарифті қала тұрғындары көтере алмайтынын біліп, оны 1 Гкал үшін 91 теңге көлемінде белгіледік. Қалған бөлігін қалалық әкімдік төлейді", - деді Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров халыққа есеп беру жиналысында.

Оның хабарлауынша, бұған қоса "судың тарифтері де көтерілді". "Бұрынғы баға "Көкшетау Су Арнасы" ШЖҚ бар ҚКК кәсіпорнына қалыпты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Ал "Горэлектросети" ЖШС-іне келсек, ол - өз шарттарын қойып отырған жеке меншік компания", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны