20.04.2011, 11:47 3770

Көкшетауда мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы кінәлі емес деп танылды

Көкшетауда 12 жастағы мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы кінәлі емес деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Көкшетауда 12 жастағы мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы кінәлі емес деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ІІД хабарлауынша, үстіміздегі жылдың наурыз айында Көкшетау қаласының ІІД жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, 2010 жылдың желтоқсан айында уақытша жұмыс істемейтін 26 жастағы жігіт оның кәмелеттік жасқа толмаған 12 жастағы қызын зорлаған. Полиция ҚР ҚК 120 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

"Бірақ тексеру барысында ол кінәлі емес деп танылып, оған тағылған айып алынып тасталды. Сөйтіп, қылмыстық іс тоқтатылған. Зардап шегуші өзінің берген жауаптарын басқаша айтуда, істің-мән жайын анықталуда",- деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Фото: yugopolis.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны