20.01.2014, 19:05 16892

Көкшетауда мектепке дейінгі мекеме ашылды

Айта кету керек, мекеме толықтай білікті маманмен қамтамасыз етілген. 14 адам "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Көкшетауда "Нұршуақ" балабақшасы бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жаңа балабақша 70 орынға есептелген. Мекемеде бүлдіршіндердің тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған: жайлы жатын бөлме, әдемі балалар жиһазы, түрлі ойыншықтар мен дидактикалық материалдар. Үш топқа тәрбие мен білім беру жұмыстарын жүргізу үшін аралас тілде сабақ өткізіледі. Онымен қоса, қосымша би, ағылшын тілі үйірмелері мен логопедикалық пункт бар", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, мекеме толықтай білікті маманмен қамтамасыз етілген. 14 адам "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны