14.08.2017, 16:09 3920

Көкшетауда облыс әкiмiніӊ қатысуымен құрылысшылардыӊ кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шара өттi

Құрылысшыларды төл мерекесiмен құттықтаған аймақ басшысы, Елбасыныӊ "тұрғын үй құрылысы елiмiздiӊ жаӊа локомотивi" сөзi құрылысшы мамандығына ерекше серпiн беретiнiн атап өттi. "Өйткенi осы кәсiптiӊ қыр-сырын меӊгерген мамандардыӊ арқасында ғана шаһарларымыздыӊ кiрпiшi қаланып, баспаналар салынып, жол төселiп, ауылдар көркейiп көгалданады",- дедi ол.

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Көкшетауда Ақмола облысыныӊ әкiмi М. Мырзалиннiӊ қатысуымен құрылысшылардыӊ кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шара өттi.

Құрылысшыларды төл мерекесiмен құттықтаған аймақ басшысы, Елбасыныӊ "тұрғын үй құрылысы елiмiздiӊ жаӊа локомотивi" сөзi құрылысшы мамандығына ерекше серпiн беретiнiн атап өттi. "Өйткенi осы кәсiптiӊ қыр-сырын меӊгерген мамандардыӊ арқасында ғана шаһарларымыздыӊ кiрпiшi қаланып, баспаналар салынып, жол төселiп, ауылдар көркейiп көгалданады",- дедi ол.

Салтанатты iс-шара барысында М. Мырзалин аймақтыӊ құрылыс саласына едәуiр үлес қосқан мамандарға ведомствалық наградалар мен алғыс хаттар табыстады.

Атап өту керек биыл өӊiрде 2 мыӊ пәтер салынып, 256 мыӊ шаршы метр баспана пайдалануға берiлдi. Жыл аяғына дейiн тағы 860 шаршы метр үй тұрғызылады деп жоспарлануда.

Осы жылы сондай-ақ облыс бойынша әлеуметтiк салада 34 нысан пайдалануға берiлмек. Оныӊ iшiнде әсiресе, көкшетаулықтар көп күткен "Неке сарайы" ашылады деп күтiлуде. Мүнымен қоса 900 орындық қазақ мектебi де салынып, келесi жылы оқушыларға есiгiн айқара ашпақ.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин "Достар" мәдениет сарайында өткен Құрылысшылар күніне арналған салтанатта құттықтау сөз сөйлеп, еӊбегімен көзге түскен бірқатар құрылысшыларды төсбелгімен, медальмен және Алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік шараға келген жұрт алдымен, өӊір құрылысынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Шара басталғанға дейін қазақстандық сазгерлердіӊ құлақтан кіріп, бойды алатын әндерін тыӊдады, құрылысшылар жөніндегі бейнероликті тамашалады. Облыс әкімі құттықтау сөзінде құрылысшы мамандығы ерекше сый-құрметке ие екенін айтып өтті.

- Мемлекет басшысы өз сөзінде тұрғын үй құрылысы экономикамыздыӊ жаӊа локомотиві екенін атап өтті. Сондай-ақ, сіздердіӊ күш-жігерлеріӊіздіӊ арқасында адамдар өмірініӊ сапасы жақсаруда. Құрылысшылар қаламыздыӊ қайталанбас көркін жасап, биік әкімшілік ғимараттар, демалыс кешендерін, тұрғын үйлер мен сауда супермаркеттерін тұрғызуда. Сіздер сапалы тұрғын үй, әлеуметтік және өнеркәсіп салаларыныӊ жаӊа нысандарын саласыздар. Ескі ғимараттарды қалпына келтіріп, келешек ұрпақ үшін сақтауға көмектесесіздер. Қазіргі заманғы технологияны игеріп, жаӊа құрылыс материалдарын енгізіп, өз салаларыӊызды дамытудасыздар. Еӊбектеріӊіздіӊ нәтижесін пайдаланған мыӊдаған адамдардыӊ алғысына бөлендіӊіздер. Бұл жерде аға ұрпақ үлесін, сала ардагерлерініӊ ерен еӊбегін атап өтпеуге болмайды. Асқар Хасенов, Амангелді Қаймулдин, Владимир Комиссарчук, Сергей Шафар, Фарид Ғалымов, Татьяна Савенко, Виктор Мартынов және өзге де еӊбек ардагерлері сонау бір қиын кезеӊде өздерініӊ мамандықтарына адал болды. Құрметті еӊбек ардагерлері, сіздердіӊ ерен еӊбектеріӊіз үшін алғысымды білдіремін,-деген аймақ басшысы биылғы құрылысшылар мерекесі еліміздіӊ тарихында маӊызды орын алатын "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ өткізілуімен тұспа-тұс келгенін айтып өтті. Астананыӊ жаӊа ғимараттары мен көрменіӊ нысандарында да біздіӊ құрылысшылар қолыныӊ ізі қалды. Облыстыӊ құрылыс ұйымдары бай тәжірибеге, даӊқты дәстүр мен қуатты әлеуетке ие.

- Сіздер "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысудасыздар. Құрылысшылар еӊбегініӊ арқасында Көкшетау қаласыныӊ көркі өзгерді. Құрылыс қарқыны артып, ғимараттарды қалпына келтіру белсенді жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта өӊірде жүргізілген құрылыс көлемі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады. Биылғы жылы 2 мыӊнан астам пәтер пайдалануға берілді. Жыл соӊына дейін бюджет қаржысы есебінен тағы 860 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ағымдағы жылы әлеуметтік саланыӊ 34 нысаныныӊ құрылысына 9,5 миллиард теӊге бөлінді. Көкшетау қаласындағы Неке қию сарайы осы айдыӊ ішінде пайдалануға беріледі. Сарыарқа шағын ауданы көз алдымызда өсіп келеді. Келесі жылы бұл шағын ауданда 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі, - деген облыс басшысы "Қазақстанныӊ құрметті құрылысшысы" төсбелгісімен "Намыс" компаниясыныӊ бас директоры Сәкен Жұманалинді (суретте), "Кокшеводоканалпроект" серіктестігініӊ директоры Талғат Тәшімовты, "Жақия" серіктестігі директорыныӊ орынбасары Руслан Тумгоевты және "Инсект" серіктестігі бөлімініӊ басшысы Майра Игенбаеваны, "Еӊбек ардагері" медалімен "Кокшеэлектромонтаж" серіктестігініӊ директоры Омар Сарыжігітовті, "Кокшетау горсельпроект" серіктестігі бөлімініӊ басшысы Александр Лыковты, "Ақмола Геодезия" серіктестігініӊ техникалық директоры Александр Григорьевті және бірқатар құрылысшыларды Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, облыс әкімініӊ атынан еӊбек ардагерлеріне гүл шоқтары табыс етілді. Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны