30.10.2018, 15:09 6699

Көкшетауда "Өрт қауіпсіздігініӊ, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен жоюдыӊ маӊызды мәселелері" атты IХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді

Конференция жұмысыныӊ екінші бөлігінде, Институт қабырғасында секциялық отырыстар өткізілді, мұнда шетелден келген конференция қонақтарыныӊ, Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдайлар Комитеті аймақты бөлімшелерініӊ және Институттыӊ профессорлік-оқытушы құрамыныӊ баяндамалары тыӊдалды.

Көкшетау. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ Көкшетау техникалық институтында 2018 жылдыӊ 25-26 қазанында "Өрт қауіпсіздігініӊ, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен жоюдыӊ маӊызды мәселелері" атты IХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция Қазақстан Республикасыныӊ астанасы Астана қаласыныӊ 20 жылдығына және Құтқарушылар күніне арналды.

Конференция жұмысында Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігініӊ Азаматтық қорғау Академиясыныӊ ғалымдары, Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университетініӊ "Қайта даярлау және біліктілікті арттыру" филиалыныӊ қызметкерлері, сонымен қоса Қазақстан Республикасыныӊ ғылыми мекемелер өкілдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ аймақтық және құрылымдық бөлімшелерініӊ қызметкерлері белсенді қатысты.

Конференцияныӊ ашылу рәсімі мен пленарлық отырысы 2018 жылдыӊ 25 қазанында Ш.Құсайынов атындағы Қазақ драмалық театрында өткізілді, онда өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен жою саласындағы маӊызды ғылыми мәселелер бойынша баяндамалар белсенді талқыланды.

Сәлемдесу сөзімен институт бастығы, техникалық ғылымдар докторы Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылардыӊ үлкен қызығушылықты "Ресей ТЖМ қажеттілігі үшін техникалық құралдарды өӊдеу және Ресей ТЖМ АҚА тыӊдаушыларында инженерлік дағдыларды дамыту" баяндама тақырыбымен Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясыныӊ механика және инженерлік графика кафедрасыныӊ профессоры, техникалық ғылымдар докторы Латышенко Константин Павловичтыӊ, "Өндірістік сорбенттермен мүйізді сорбенттердіӊ мұнай өнімдерініӊ адсорбциясын салыстыру" баяндама тақырыбымен Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университеті "Қайта даярлау және біліктілікті арттыру" филиалыныӊ арнайы дайындық кафедрасыныӊ профессоры, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Горовых Ольга Геннадьевнаныӊ, "Гель тәрізді композицияларды алуға арналған құрамдар" баяндамасы тақырыбымен Беларусь ТЖМ апзаматтық қорғануыс Университеті Гомель филиалыныӊ жедел-тактикалық қызмет және техника кафедрасыныӊ бастығы, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Копытков Владимир Владимировичтіӊ және "Желді энергетикалық қондырғылар - ТЖ алдын алу және олардыӊ слдарын жоюдыӊ құралы ретінде" баяндамасымен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ профессоры, техникалық ғылымдар докторы ЭҚХАҒ академигі Башагиров Хайролла Жамбаевичтыӊ баяндамалары қызуғышылық таныттырды.

Сәлемдесу сөзімен және "Жарық түскіш фасадтары бар жоғары қабатты ғимараттардағы өрттер" баяндама тақырыбымен Ресей ТЖМ ӨҚҚ Академиясыныӊ профессоры, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Казиев Махач Магомедович сөз сөйледі. Пленарлық отырыстан кейін конференция қонақтары Көкшетау техникалық институтыныӊ мұражайына барды.

Конференция жұмысыныӊ екінші бөлігінде, Институт қабырғасында секциялық отырыстар өткізілді, мұнда шетелден келген конференция қонақтарыныӊ, Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдайлар Комитеті аймақты бөлімшелерініӊ және Институттыӊ профессорлік-оқытушы құрамыныӊ баяндамалары тыӊдалды.

Конференция соӊында оныӊ практикалық маӊыздылығы аталынды, азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды дайындаудыӊ, жоғары оқу орындарыныӊ арасындағы ғылыми зерттеулердіӊболашақ жоспарларын дамыту мәселелері анықталды. Конференцияныӊ жұмыс жасау қорытындылары бойынша Конференция шешімі қабылданды, қатысушыларға сертификаттар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны