03.07.2015, 20:27 3824

Көкшетауда пәтерге "бомба қойған" азамат 74 мыӊ доллар айыппұл төлейді

Көкшетау қаласындағы темір жол вокзалында және пәтерлердіӊ бірінде жарылғыш заттар бары туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері тез арада тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдады

Көкшетау. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласындағы темір жол вокзалында және пәтерлердіӊ бірінде жарылғыш заттар бары туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері тез арада тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Яғни, 400 жолаушы, темір жол қызметкерлері, 57 автокөлік қауіпсіз жерге дереу көшірілді. Ал екінші қоӊырау соғылғанда 48 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қызметтік иттерді қолданған саперлер үш сағаттан астам уақыт үй-жайларды тексерді. Осы уақытта вокзалдыӊ жұмысы және барлық пойыздар тоқтап тұрды. Тексеру нәтижесінде полиция жарылғыш заттар туралы хабарламаныӊ жалған екенін анықтады.

Осы фактіге қатысы бар 2 адам ұсталды. Оныӊ бірі - 18 жастағы Тобыл қаласыныӊ және 59 жастағы облыс орталығыныӊ тұрғыны. Соттыӊ санкциясы бойынша олар қамауға алынды.

Жас жігіт жолға шыққан туысқандарымен кездесу үшін қылмыстық әрекет жасаған, ал екіншісі көршісіне әзілдемек болған.

Лаӊкестік актісі туралы жалған хабарлама таратқандарға 7 мыӊ айлық есептік көрсеткіш (74 мыӊ АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны