20.12.2013, 20:01 2658

Көкшетауда сандық эфирлік телевизия ашылды

Осылайша Ақмола облысының 176 мыңнан астам халқы көгілдір экранды жаңа заманауи бейне мен дауыс сапасы арқылы тамашалауға мүмкіндік алды.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін Көкшетауда облыс орталығындағы санық эфирлі телевизияның салтанатты түрде ашылуы болды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Айтулы оқиға Мемлекет басшысының сандық эфирлік телевидениені іске қосуының екінші кезеңін іске қосуды таныстыруымен орайластырылған", - делінген хабарламада.

Ашылу салтанаты барлық облыс орталықтары мен тұтастай Маңғыстау облысында сандық эфирлік телевидениенің іске қосылуының ресми бастамасы болып отыр.

Айта кету керек, сандық эфирлік телевидениенің ашылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасының ұлттық телевидениені сандық форматқа ауыстыру аясында қолға алынып, Көкшетау қаласы мен 40 км радиустағы 61 елді-мекенге 23 отандық арнаға тегін қосылуға мүмкіндік береді.

Осылайша Ақмола облысының 176 мыңнан астам халқы көгілдір экранды жаңа заманауи бейне мен дауыс сапасы арқылы тамашалауға мүмкіндік алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны