26.12.2008, 18:42 3485

Көкшетауда су алатын және кәріз құдықтарының үштен бір бөлігінің қақпағы ашық қалған

Көкшетауда су алатын және кәріз құдықтарының үштен бір бөлігінің қақпағы ашық қалған

Көкшетау. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда су алатын және кәріз құдықтарының үштен бір бөлігі қақпақсыз ашық қалған. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне "Көкшетау Су Арнасы" МКК өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы Елена Бородина хабарлады.

"Қала бойынша су құбыры желісінде 4000 су құбыры құдығы бар. Оның 2013 - ашық және 246-сы қираған. 2008 жылдың желтоқсан айының басында қалалық су құбыры мекемесінің қызметкерлері 71 жаңа қақпақты люк орнатты, енді олардың 1942 данасын орнату қажет", - деді Е. Бородина.

Оның айтуынша, "қаладағы кәріз жүйесінде 6000 кәріз құдығы бар. Оның 2054 - ашық және 294-і қираған. Қазір 142 жаңа қақпақты люк орнатылды, енді олардың 1912 данасын орнату қажет".

Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 2,43 млн теңге бөлініп, полимерден жасалған 250 люк пен қақпақ сатып алынған.

"Қазір металл қабылдау орындарында осындай люктар мен қақпақтардың бағасы түсіп қалды. Бұрын бір килограмм металл үшін 25 теңге берген кезде 100 килограмм салмағы бар тянул 2500 теңгеге бағаланатын. Ал мемлекет осынау шойын люктарды сатып алуға 16 мың теңге жұмсайды", -дейді мекемедегілер.

Е. Бородинаның айтуынша, қаладағы барлық құдықтарды жабу үшін шамамен 97 млн теңге қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны