04.07.2018, 15:49 4139

Көкшетауда "Тұран тұрпатты Мағжан!" облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Мәдени кештіӊ мақсаты ақынныӊ бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, жастардыӊ бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіӊіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу, сондай-ақ, жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтыӊ дарынын танып, талабын шыӊдау.

Көкшетау. 4 шілде. Kazakhstan Today - Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында қазақтыӊ асыл перзенті, алты алаштыӊ ардақтысы, халқы үшін, елініӊ болашағы үшін жарқырап жанған, жүрегі мен жаны, иманы мен ары - от - Мағжан Жұмабаевтыӊ 125 жылдық мерейтойына арналған "Тұран тұрпатты Мағжан!" облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Мәдени кештіӊ мақсаты ақынныӊ бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, жастардыӊ бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіӊіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу, сондай-ақ, жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтыӊ дарынын танып, талабын шыӊдау.

Құттықтау сөз ақын, М.Ғабдуллин атындағы музейдіӊ директоры, аталмыш мүшәйрада әділқазылар алқасыныӊ төрағасы Құдайберлі Мырзабекке берілді. Алыстан ат терлетіп, кітапханаға арнайы қонақ болып келген Солтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасыныӊ басшысы Кемел Оспанов та сөз сөйлеп, өӊір басшысыныӊ атынан алғыс хат пен кітапхананыӊ төрінен орын алатын Мағжанныӊ кітаптарын сыйға берді.

Кітапхананыӊ ақпараттық-библиографиялық бөлімі Мағжан Жұмабаевтыӊ 125 жылдық мерейтойына орай жинақтаған "Ұлы есімдер ұрпақ жадында" сериясы бойынша "Тұран тұрпатты Мағжан" атты электронды басылымын таныстырып, бір данасы Мағжан елінен келіп отырған құрметті қонақ К.Оспановқа сыйға табыс етілді.

Кешті Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясыныӊ дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов "Батыр Баян" поэмасынан үзінді орындап ашқан. Мүшәйраға іріктелген он қатысушы жас ақын сахнаға шығып өлеӊдерін оқығандағы ерекшелік - әділқазылар алқасы қатысушылардыӊ өлеӊдерін тек лақап аттарымен ғана көрген болатын, қай ақынды іріктегендерін сахнаға шыққанда ғана таныды.

Бас жүлдені лақап аты "Қойлыбай" жас ақын Мерген Тоқсанбай, ал бірінші орынды Қуаныш Оспан (Қақаман) иеленді. Екінші орынға ие болған екі жүлдегер Құрмет Құралхан (Үркер) және Мұхамед Қоӊқаев (Шейх), үшінші орынды Қайрат Сейтқазин (Бозой), Бауыржан Рамазан (Батыр Баян), Нұрғайып Хавсамет (Тазша бала), арнайы жүлдені Ерлан Дәулетұлы (Тауұлы Жотабек), Тоқтасын Семейхан (Асқақ Арман) иеленді. Сонымен қатар, жүлдегер 7 жас ақынға Кемел Оспанов Мағжан Жұмабаевтыӊ 125 жылдық мерейтойлық төсбелгілерін тақты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны