02.04.2008, 17:42 3599

Көкшетауда жалпықалалық сенбілік өтеді

Көкшетауда жалпықалалық сенбілік өтеді

Көкшетау. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда, 5-сәуір, сенбіде жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

140 мыңдай адам тұратын қала 43 бөлікке бөлінген, оларды тазартуға жергілікті әкімшіліктің түрлі бөлімшелері мен түрлі ұйымдардың жетекшілері жауапты. Сенбілікті өткізу үшін 1500 қап дайындалған, олар барлық учаскелерге таратылады. Қала әкімі Бақыт Сапаров "барлық мектептер үшін аумақтарды тазалау мақсатында қолғаптар сатып алу" туралы бастама көтерді.

Сонымен бірге, тек сенбілік өтетін күні ғана емес, бір айы бойы қаланы тұрыстық қалдықтардан, қолданыста болған құрылыс материалдары мен басқа да қоқыс-қалдықтардан тиімді тазарту үшін қоқыстарды полигондарға тегін тасымалдау жоспарланған.

"Қаланы бір күнде тазартып шыға алмайтынымыз түсінікті, бірақ егер баршамыз жабылып тазалық пен тәртіпті қадағалайтын болсақ, оң нәтиже күтуге болады", -деді Б. Сапаров. Оның айтуынша, "биыл қалада 490 контейнер орнатылып, қаланы тазалау мен қоқысты тасымалдау үшін жаңа техника сатып алынып, мыңдаған жаңа урналар (сауыттар) орнатылады, оның дизайнын қазір қаланың бас сәулетшісі жасап жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны