02.07.2015, 12:24 3400

Көкшетаудағы теміржол вокзалында жарылғыш зат бар деген хабарламаға байланысты іздестіру шаралары жүргізілуде

Көкшетаудағы теміржол вокзалында бомба бар деген ақпаратқа байланысты адамдар қауіпсіз жерге шығарылып, күдікті іздестірілуде

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Көкшетаудағы теміржол вокзалында бомба бар деген ақпаратқа байланысты адамдар қауіпсіз жерге шығарылып, күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Полицейлердіӊ мәліметі бойынша бүгін таӊғы 10:25 минутта арнайы 102 нөміріне белгісіз біреу облыс орталығындағы теміржол вокзалына бомба қойылғанын хабарлаған. Осыған орай вокзал қызметкерлері мен барлық жолаушылар эвакуацияланды.

Изірге жарылғыш зат табылған жоқ. Күдікті іздестірілуде.

Сонымен қатар таӊғы сағат 10:30 шамасында Көкшетау қаласыныӊ Пушкин көшесіндегі нөмір 25 үйдіӊ тұрғыны 1953 жылғы әйелдіӊ үйіне де белгісіз біреу қоӊырау шалып, пәтеріне бомба қойылғанын айтып қорқытқан.

Қазіргі кезде екі оқиғаға байланысты жедел-іздестіру шаралары қолға алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны