16.04.2008, 15:09 2775

Көкшетаудың аудандық қазандығы жылу тұтынушылары үшін есепті қайта жүргізеді

Көкшетаудың аудандық қазандығы жылу тұтынушылары үшін есепті қайта жүргізеді

Көкшетау. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетаудың аудандық қазандығы жылу тұтынушылары үшін есепті қайта жүргізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Көкшетау қаласының көптеген тұрғындары жылумен қамтамасыз ететін "№2 аудандық қазандығы" МКК өз қызметін дұрыс атқармай, температуралық режимді сақтамағаны жөнінде шағымдарын түсірді. Осыған байланысты департамент, Көкшетау әкімдігі мен мәслихат өкілдері бірлесе отырып 2007-2008 жылдар аралығындағы бес айда жіберілген жылу энергиясын тексерді ", - деп хабарлады департаментте.

Тексеру кезінде анықталғанындай, жылу энергиясы нормадан жоғары көлемде жоғалтылып,температуралық кестенің орындалмауынан тұтынушыларға 72 7691 Гкал көлемінде жылу қуаты жіберілмеді. Кәсіпорынның есеп -қисабы бойынша, тексерілген кезең аралығында жоғалтылған жылу қуатының көлемі 26,9 пайызды құрады.

Осыған байланысты аудандық №2 қазандығына табиғи монополиялар жөнінде заңнамасының заң бұзушылықтарын жою жөнінде шешім шығарылып, жылу тұтынушылар үшін 160 млн 371 мың теңге мөлшерінде есепті қайта жасау жөнінде талап қойылды. Сондай-ақ, қазандыққа 1млн 752 мың теңге немесе 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып пұл салу жөнінде әкімшіліктік шара қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны