12.07.2017, 19:23 2500

Көкшетаудыӊ көрнекті орындарыныӊ бірі Бұқпа шоқысындағы шолу алаӊы қалпына келтірілуде

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiӊ ақпаратына сүйенсек, жөндеу жұмыстары биыл шiлдеде аяқталады.

Көкшетау. 12 шілде. Kazakhstan today - Көкшетауда облыс орталығыныӊ көрiктi орындарыныӊ бiрi саналатын Бұқпа шоқысындағы шолу алаӊын күрделi жөндеуден өткiзу жұмыстары басталып кеттi.

Кенесары көшесiнен "Көкшетау алаулары" шолу алаӊына дейiнгi аралыққа жаӊа асфальт төселiп, көлiк тұрағы жасалған. 144 баспалдақ қала тұрғындары мен қонақтарын алаӊныӊ еӊ жоғары жағына алып келедi. Баспалдақты бойлай таяу арада жарық орналастырып, тұтқаларды жаӊартады, алаӊға отыратын сәкiлер орнатады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiӊ ақпаратына сүйенсек, жөндеу жұмыстары биыл шiлдеде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны