30.05.2012, 14:03 2861

Көкшетаулықтар да ашық құдықтарға қарсы акцияға қолдау көрсетті

Теміртауда 2 жасар сәби батып кеткен құдықтың қасында және Астанада Есілдің жағасында өткізілген акция Көкшетауда жалғасты. Қалалық №2 орта мектебінің маңындағы аллеяда ұйымдастырушылар өткен-кеткен адамдарға күн мен бақытты балалық шақтың нышаны ретінде сары ленталар үлестірді.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Көкшетаулықтар да ашық құдықтарға қарсы акцияға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мезгілсіз опат болған Егор Хмильдің ата-аналарына қолдау көрсету мақсатында теміртаулықтар мен астаналықтардың "Балаларды бейбіт өмірде қорғайық" атауымен ұйымдастырған ашық құдықтарға қарсы акциясы Көкшетауда жалғасын тапқан.

Теміртауда 2 жасар сәби батып кеткен құдықтың қасында және Астанада Есілдің жағасында өткізілген акция Көкшетауда жалғасты. Қалалық №2 орта мектебінің маңындағы аллеяда ұйымдастырушылар өткен-кеткен адамдарға күн мен бақытты балалық шақтың нышаны ретінде сары ленталар үлестірді.

Бұған дейін өткізілген акциялардан артықшылығы, "Акмолинские вести" газетінің бастамасына облыстық бала құқығын қорғау департаменті де қосылған.

Шара барысында акцияға қатысқан отызға тарта бала бақытты балалық шақ туралы ойларын тасжолдың үстінде суреттеуге тырысты.

Көкшетаулық бүлдіршіндер де ашық құдық мәселесімен жақын таныс көрінеді.

"Менің кенже сіңілім жолды өтіп бара жатқан кезінде құдыққа құлап түсе жаздаған, қайта оны ұстап үлгеріпті. Мұндай жағдайға басқа балалар тап болып жатса, оларды ұстап үлгерер ме екен? Сондықтан жолды ата-анамен бірге кешіп өткен қауіпсіз", - деді акцияны тамашалауға келген Настя Комарь.

Волонтерлер өтіп бара жатқан адамдарға сары ленталардан бөлек ескертпе парақшаларын үлестірді, ал балалардың беттерін көңілді боди-артпен суреттеді.

Еске салайық, 24 мамырда сағат 20: 05 минөтте Теміртау қаласында анасымен бірге серуендеп жүргенде екі жасар Егор Хмиль құбыр құдығына құлап кеткен болатын. Тосын оқиға Металлургтер даңғылында орын алды.

"26 мамыр күні сағат 12 30 минөтте , сәбидің өлі денесін ФСС - 35 (фекальды сорғы стансасы, тереңдігі - 9 м) резервуарының түбінен Өскемен қаласының "Подводстройсервис" ЖШС-ы сүңгуірлері тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны