28.05.2015, 09:57 3331

"Көктем-2015" маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардыӊ ант беру рәсімі

2015 жылдыӊ 30 мамырында сағат 10.00-де Алматы қаласында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Көктем - 2015" маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардыӊ салтанатты ант беру рәсімі өтеді

Алматы. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 30 мамырында сағат 10.00-де Алматы қаласында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Көктем - 2015" маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардыӊ салтанатты ант беру рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ант беру рәсімі әскери қызметтіӊ еӊ маӊызды сатысы, әскери қызметшілердіӊ Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстан Республикасыныӊ Президентіне деген адалдығын айқындайтын патриоттық мәні зор салтанатты шара.

Салтанатты шараға Мемлекеттік күзет қызметініӊ басшылығы мен сарбаздардыӊ туған-туыстары қатысады.

Искер қатарына жаӊа қосылған солдаттар қарумен және қарусыз саптық амал-тәсілдерді қолдану шеберліктерін көпшілік назарына ұсынады.

Салтанатты шара құрметті қарауыл ротасыныӊ әскери қызметшілері мен Президенттік оркестрдіӊ дайындаған плац-концертімен жалғаспақ. Айта кететін жәйт, әскери дефиле Мемлекеттік күзет қызметініӊ әскери қызметшілерін кәсіби біліктіліктерін көрсететін ерекше қойылым. Себебі, дәл осы дефиле барысында сарбаздар саптық дайындықтыӊ және қаруды қолданудыӊ асқан шеберлері екендігін айқындай түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны