14.06.2016, 20:10 4900

Көктемде Қарулы Күштерініӊ қатарына 5 мыӊға қазақстандық әскерге шақырылды

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қазірдіӊ өзінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге алу аяқталды, ал ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ қатарын толықтыру әлі де жалғасуда

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қазірдіӊ өзінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге алу аяқталды, ал ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ қатарын толықтыру әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

18 бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жастардыӊ жалпы саныныӊ 5 000-ға жуығы ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге жіберілді. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлеріне 900-ге жуық, "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына - 500-ден аса, ал "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына - 500-ден аса, сондай-ақ "Астана" өӊірлік қолбасшылығына 30-ға жуық жас толықтыру қызмет өтеуге жіберілді. Аэроұтқыр әскерлеріне 900-ден астам, ал оқу-жаттығу орталықтарына 800-ден аса адам жіберілді. ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ әскерлер сапы 900-ден аса адаммен толықты.

Олардыӊ ішінде жоғары білімімен әскерге алынғандар саны 20 адам, арнаулы-орта мамандық иесі - 3 000-ден аса, орта білімі бар - 2 000-ға жуық адам, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күштердіӊ қатарына әскерге шақырылғандардыӊ барлығы Отан алдындағы борышын өтейтін жерлерге жіберілді. Жас толықтыруларды жөнелту алдында дәстүрге сәйкес шығарып салулар ұйымдастырылды, ал оларды мерзімді қызмет барысында әскери істіӊ қыр-сыры мен жаӊа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін командирлері, офицерлер қарсы алды.

Алғашқы әскери даярлық бағдарламасы аяқталысымен жастар әскери ант қабылдап, содан кейін әскери қызметті атқару үшін тиісті лауамзымдарға тағайындалады.

Естеріӊізге сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылы көктемде мерзімді әскери қызметке 14 мыӊ қазақстандықты шақыру жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны