28.02.2011, 16:20 6657

Көктемнің алғашқы күнінен бастап Астанада дербес қазандықтармен жұмыс істейтін нысандар үшін жылу бағасы арзандайды

Көктемнің алғашқы күнінен бастап Астанада дербес қазандықтармен жұмыс істейтін нысандар үшін жылу бағасы арзандайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - Көктемнің алғашқы күнінен бастап Астанада дербес қазандықтармен жұмыс істейтін нысандар үшін жылу бағасы арзандайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті 1-ші наурыздан бастап бірқатар дербес қазандары бар нысандар мен тұрғын үйлерге жылу тарифын орташа есеппен 26%-ға төмендетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлаған.

"ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті 2011 жылдың 1-ші наурызынан Самал ш.а., Шұбар ш.а., Көктал ауылы және Абылай хан даңғылындағы бірқатар үйлерге жылу энергиясы тарифін орташа есеппен 26%-ға төмендетті", - делінген хабарламада.

Тарифтердің өзгеруі ҚР ТМРА Астана қаласы бойынша департаментіне көптеген тұтынушылардың хабарласуынан кейін жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 1Гкал-ға 3 526 көлеміндегі бірыңғай тариф қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны