25.06.2018, 22:49 5131

"Көк-Жайлау" шатқалындағы жеке меншіктегі жер мемлекетке қайтарылады

Мегаполис басшысы Бауыржан Байбек жауапты басқармаларға тиісті заӊнамаларға сай жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы процессті бастауды тапсырды.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan Today - "Көк-жайлауды" дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында "Almaty Mountain Resorts" ЖШС-ніӊ директоры Наиль Нуров жыл бойына жұмыс жасайтын тау курортын жасауға байланысты оныӊ аумағына сараптама жүргізгенде 2002 жылы 5 гектардыӊ жердіӊ жеке меншікке берілгені анықталғанан айтты.

Мемлекеттік жер кадастрыныӊ автоматты ақпараттық жүйесініӊ мәліметіне сай 5 гектар жердіӊ Алматы облысы аумағында орналасқаны және оныӊ 2002 жылы жеке меншікке берілгені көрсетілген. 2014 жылы Алматы қаласы шекарасыныӊ өзгеруіне орай аталған жер учаскесі қаланыӊ Медеу ауданыныӊ құрамына енген.

Мегаполис басшысы Бауыржан Байбек жауапты басқармаларға тиісті заӊнамаларға сай жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы процессті бастауды тапсырды.

"Біз "Көк-жайлауда" жеке меншіктіӊ болмайтыны туралы үнемі айтып келеміз. Аталған жоба ерекше бақылауда, көпшілікпен бірге біз оныӊ ашықтығын назарда ұстаймыз. Жобаныӊ техникалық- экономикалық негізі толық жасалған соӊ ол міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтетін болады", - деді Бауыржан Байбек.

Бұрын айтылғандай, мегаполис әкімі ертеректе бөлінген 1002 гектар жердіӊ 100 гектарға жуық жерін Іле Алатау ұлттық табиғи паркініӊ жер қорына қайтару жөнінде тапсырма берген еді. Бұл шара жобаны екі есе оӊтайландыруға қатысты іске асуда. 2014 жылғы жобамен салыстырғанда құрылыс алаӊы 10 есе қысқарып, 300 мыӊнан 30 мыӊ шаршы метрге төмендеген. Шаӊғы трассалары 77- ден 18-ге азайған, олардыӊ басым бөлігі жаӊадан үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі 6,5 мыӊ орыннан 250 орын ғана қалған. Трассаларға жасанды қар беретін екі өзенніӊ тек біреуі ғана жұмыс жасайтын болады.

Іле Алатауы табиғи паркіне Көкжайлаудыӊ 100 гектар жері қайтарылады

Жыл бойынғы "Көкжайлау" тау курортын дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Іле Алатауы табиғи паркініӊ қорына 100 гектар жерді қайтаруды тапсырды.

"Almaty Mountain Resorts" ЖШС-ніӊ директоры Наиль Нуров өзініӊ сөзінде алғашқы вариантымен салыстырғанда курорт жобасыныӊ екі есе оӊтайландырылғанын айтты.

"Құрылыс алаӊы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мыӊ шаршы метрге дейін. Шаӊғы трассалары 77 -тен 18-ге дейін азайды, олардыӊ басым көпшілігі шаӊғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыӊнан 250 орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзенніӊ біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердіӊ 100 гектарын босаттық. Мүмкін, босаған жерлер көлемі болашақта ұлғаятын шығар", - деді Наиль Нуров.

Мегаполис басшысы босаған жерлерді Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтару туралы мәселені жедел қолға алуды тапсырды.

Айта кетерлігі, жобаныӊ жаӊарған техникалық-экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соӊ оны көпшілік талқысына салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны