21.01.2015, 09:17 3741

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанныӊ бірқатар аймақтарында жолдар жабылды

20 қаӊтар күні кешкі сағат 21.30-дан бастап Жамбыл облысында ауа райыныӊ күрт нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолыныӊ бір бөлігі жабылды, деп хабарланған "Қазақавтожол" сайтында

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - 20 қаӊтар күні кешкі сағат 21.30-дан бастап Жамбыл облысында ауа райыныӊ күрт нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолыныӊ бір бөлігі жабылды, деп хабарланған "Қазақавтожол" сайтында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, оныӊ Жамбыл облысыныӊ шекарасы мен Т.Рысқұлов ауылы аралығындағы жол учаскесінде (593-613 шақырымы) барлық көлік түрлерініӊ жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ қардыӊ қалыӊ жаууына және боран соғып, жолдыӊ көрінуініӊ нашарлауына орай аталған тас жолдыӊ Айша-бибі және Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ шекарасы аралығындағы бөлігінде (526-593 шақырымы) 20 қаӊтар күні кешкі сағат 21.30-дан бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар Алматы облысында "Үшарал-Достық" тас жолыныӊ 0-184 шақырымында қар жауып, боран соғуына байланысты барлық көлік түрлерініӊ қозағылысына 20 қаӊтар түнгі сағат 23.00-ден бастап тыйым салынды.

Ал Ақмола облысында өӊір шекарасы мен Арқалық және Қарағанды облысыныӊ шекарасы аралығында "Жезқазған-Петропавл" учаскесініӊ 252-377 шақырымы бораннан жолдыӊ нашар көрінуіне байланысты жабылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны