01.07.2016, 10:25 4381

Көлік қозғалысы шектеледі

Жүргізушілерге Бейбітшілік к-сі, Уәлиханов к-сі, Сарыарқа даӊғылы арқылы айналып өту ұсынылады

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Елорда күніне орай "Астана Самалы" үрмелі аспаптар оркестрлерініӊ шеруін өткізуге байланысты 6 шілдеде Республика даӊғылында ҚР Искери тарихи музейінен (Республика даӊғ., 2) бастап "Жастар" сарайына дейін көлік қозғалысы шектелетін болады. Сағат 10.30 - 12.30 аралығында жол жабылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жүргізушілерге Бейбітшілік к-сі, Уәлиханов к-сі, Сарыарқа даӊғылы арқылы айналып өту ұсынылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны